«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы

Мекеме аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • діни экстремизмге және жалған діни қызметтерге іс-қимылға  бағытталған әдістемелік және тәжірибиелік іс-шараларды (дәріс, семинар-тренинг және  өзге де ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу.
  • радикалды, деструктивті және тоталитарлық діндердің ықпалынан зардап шеккен құрбандарға психологиялық, құқықтық және тәжірибиелік көмек көрсету;
  • қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктерге Ақтөбе облысында діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар өткізуге әдістемелік, ұйымдастырушылық және тәжірибелік көмек көрсету;
  • деструктивтік діни ағымдардың теріс әсері туралы ақпаратты оқушылар арасында тиімді насихаттау мақсатында оқу орындары мен мемлекеттік құрылымдармен бірге қызмет ету;
  • өңірдің конфессияаралық саласында Қазақстан Республикасында тұрақсыздық әкелуге қабілетті жағымсыз тенденцияларды анықтау үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
  •  түрлі мәдени-бұқаралық, ағартушылық және танымдық іс-шаралар өткізу;
  • деструктивтік діни ағымдардың теріс әсері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына насихаттау.