Құрылым
Емдеу жұмысын үйлестіру, қоғамдық денсаулық сақтау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімі
Бөлім қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру, бөлім мамандарының жұмысын үйлестіру. Тұрғындардың қоғамдық денсаулығын басқару бойынша Ақтөбе облысында іс-шараларды ұйымдастыру, үйлестіру және мониторингтеу. Инфекциялық және негізгі инфекциялық ауруларды, оның ішінде психикалық денсаулық бұзылысы мен зақымдануды эпидемиологиялық мониторингтеу мен талдауды ұйымдастыру.
БМСК мүдделі мемлекеттік органдармен (санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринариялық қызметтер) бірге ведомствоаралық өзара әрекеттесу негізінде салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, қоршаған ортаның түрлі факторларының, дұрыс тамақтанбаудың, мінез-құлық қауіптерінің зиянды ықпалының алдын-алу мен азайту бойынша іс-шараларды арттыру және тұрғындарды қатыстыру. Ақтөбе облысы тұрғындарының денсаулығын қорғауға бағытталған сектораралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету, үйлестіру, кеңейту, денсаулық сақтаудағы құқықтық нормалар мен заңнаманың сақталуын бақылау, ауруларды алдын-алу бойынша іс-қимылдардың Жаһандық жоспарына сәйкес аурулардың дамуын болжау мен модельдеудің халықаралық жүйелерді енгізу. Ұлттық скринингтік бағдарлама, Ұлттық иммунизациялық бағдарлама бойынша іс-шаралар саласында іске асыру және мониторингтеу. Облыс тұрғындарын диспансерлеу бойынша іс-шараларды үйлестіру және мониторингтеу.
Бөлім басшысы:
Тржанова Асия ДосбергеновнаТелефон:
8 (7132) 56-21-56Бухгалтерлік есеп бөлімі
Бухгалтерлік есеп бөлімі (әрі қарай – Бөлім) «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін, бұйрықтарын, Ақтөбе облысы әкімдігінің шешімдерін, өкімдерін және қаулыларын, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы және қызметкерлерінің саны «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ штаттық кестесімен бекітіледі.
Бөлім басшысы:
Мукаев Мырзагерей СержановичТелефон:
8 (7132) 54-68-72Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Экономика және бюджет жоспарлау бөлімі басқарманың тәуелсіз бөлімшесі болып табылады.
Экономика және бюджет жоспарлау бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілеріне, облыс әкімдігінің шешімдері мен бұйрықтарына, облыс әкіміның тапсырмаларына, «Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім өз жұмысын бөлім басшысы мен басқарма басшысының басшылығымен атқарады.
Бөлім басшысы:
Тулепбаева Акмарал РашидовнаТелефон:
8 (7132) 54-94-37Ана мен бала денсаулығын қорғау және вакциналармен қамтамасыз ету бөлімі
Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімі денсаулық сақтау басқармасының бөлімі болып табылады.
Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік-құқықтық актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдеріне, өкімдеріне, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Ережесіне және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім бөлім бастығының және басқарма бастығының басшылығымен жұмыс жасайды.
Бөлім басшысы:
Шарбақова Әлия МусақызыТелефон:
8 (7132) 54-09-84Электрондық пошта:
a.sharbakova@aktobe.gov.kz