Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) бас маманы (негізгі қызметкердің 2022 жылғы 17 қарашаға дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезіне №07-4), Е-4 санаты
Ақтөбе қаласының әкімдігі
Ақтөбе облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
Функционалды міндеттер
қызметкерлердің жеке ісін жүргізу, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек кітапшаларына (қызметтік тізім) қажетті жазулар енгізу, мемлекеттік қызметке байланысты шектеулердің орындалуын бақылау, қала әкімінің, қала әкімі аппараты басшысының нормативтік-құқықтық актілерін жасақтауға қатысу, мемлекеттік қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, оларды аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, қала әкімі аппаратының, қалалық аудан әкімдері аппараттарының және қалалық мемлекеттік мекемелер мемлекеттік қызметкерлері жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын дайындау. Тиісті мемлекеттік органға аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қорытындысы бойынша ұсыныс беру. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің жұмысын үйлестіру. Басшылық жүктеген, сондай-ақ бөлім ережесінде көрсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
(Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.08.2022
- Ахтанова, 50
-
8 7132 41-63-54
Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.