Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Жергілікті атқарушы органда есепте тұрған азаматтар келесі Мемлекеттік бағдарламалар бойынша қатыса алатынын хабарлаймыз.

Жоғары атқарушы органда кезекте тұрғандардан (Бақытты отбасы) аз қамтылған отбасыларға  несие беру)

«Бақытты отбасы» (әрі қарай – Бағдарлама) бағдарламасының артықшылықтарын жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған үміткерлер ғана пайдалана алады. Өтінімді көп балалы отбасылар (4 баладан және одан көп), мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленетін отбасылар, сондай-ақ толық емес отбасы өкілдері (неке кемінде 3 жыл бұрын ресми бұзылған жағдайда) бере алады.

Қатысушыларға қойылатын міндетті талаптар:

1) Қазақстан Республикасының Азаматтығы.

2) әкімдікте кезекте тұрғандардың мәртебесін растау.

3) Өз тұрғын үйінің, сондай-ақ сатып алу құқығымен жалға алынған жылжымайтын мүліктің болмауы.

4) табыстың рұқсат етілген ең төменгі деңгейінің болуы және төлем қабілеттілігінің банктік талаптарына сәйкестігі. Отбасының әрбір мүшесіне соңғы алты айдағы табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген (2021 жылы) ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасынан аспауға тиіс.

Отбасының әрбір мүшесіне келетін соңғы алты айдағы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасынан аспауға тиіс (2021 жылы ең төмен күнкөріс деңгейі 34 302 теңгені құрайды, тиісінше отбасының әрбір мүшесіне келетін табыс 106 336 теңгеге тең сомадан аспауға тиіс). Несиені негізгі кіріс болған жағдайда ғана алуға болады. Негізгі табыс еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс болып табылады.Егер негізгі кіріс жеткіліксіз болса, есептеуге қосымша кірістерді қосуға алады.

Тұрғын үй сатып алуға несиелер жылдық 2% - бен берілетін болады. Тұрғын үйді бастапқы, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үйінен де, қайталама нарықтан да сатып алуға болады.

Бағдарламаға қатысу үшін 6 кезеңнен өтуі қажет:

1-кезең: Банктің сайтында электрондық өтініш беру www.hcsbk.kz;

2-кезең: Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күні, берген өтініш кандидаттардың негізгі тізіміне кіретін болса, біліктілікке шақыру үшін Банктен қоңырау күтеді.

3-кезең: Белгіленген күні және уақытта төлем қабілеттілігін бағалау үшін құжаттар пакетімен Банк бөлімшесіне келу;

4-кезең: Қарызды мақұлдау туралы банктің оң шешімін алу;

5-кезең: Банктің талаптарына сәйкес келетін тұрғын үйді табу немесе банктің жылжымайтын мүлік порталында тұрғын үйді брондау және жылжымайтын мүлікті бағалау;

6-кезең: Банктен несие алу.

Аталған Бағдарлама бойынша ағымдағы жылдың 12-сәуір мен 26-мамыр аралығында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ-ның (әрі қарай - Банк) www.hcsbk.kz сайты арқылы кезекте тұрған азаматтардан өтініштер қабылданғанын хабарлаймыз.

        Бүгінгі күні аталған бағдарлама бойынша өтініш білдірген азаматтар мен Банк арқылы төлемқабілеттілігін растау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 Бағдарлама бойынша қатысу үшін келесі өтініштерді қабылдаудың басталғандығы туралы ақпарат баспасөз басылымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, Бөлімнің инстаграмм әлеуметтік желісі бойынша zhilfond.aktobe ресми парақшасында жарияланатын болады.