⚡️ Мектептерде 2–4-сынып оқушыларының аралық бағалауы өтеді

⚡️ Мектептерде 2–4-сынып оқушыларының аралық бағалауы өтеді

⚡️ Мектептерде 2–4-сынып оқушыларының аралық бағалауы өтеді

🗓 23–30 қыркүйек аралығында мектептерде 2–4-сынып оқушылары үшін алғашқы аралық бағалау кезеңі өтеді.

📊 2026–2027 оқу жылында 2–4-сыныптарда формативтік және аралық бағалау қатар жүргізіледі. Бағалаудың бұл екі түрі бір-бірін толықтырады және оқу процесі барысында қатар қолданылады.

📝 Аралық бағалау оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдері бойынша жүргізіледі. Бағалау форматы пәнге байланысты:

🔺 қазақ тілі немесе орыс тілі – диктант және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар. Оқушының мәтінді сауатты жазуы және оның мазмұнын түсінуі бағаланады;

🔺 әдебиеттік оқу – шығарма немесе мазмұндама және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар. Мәтінді түсіну, негізгі ойды анықтау және өз ойын жүйелі жеткізу ескеріледі;

🔺 математика – бақылау жұмысы. Есептеу дағдыларымен қатар, есептің шартын түсіну, шешу жолын дұрыс таңдау және жауабын негіздей алу бағаланады.

⏱ Бір аралық бағалау жұмысының ұзақтығы – 40 минут. Ең жоғары балл: 2-сыныпта – 12 балл, 3-сыныпта – 14 балл, 4-сыныпта – 16 балл.

✏️ Формативтік бағалау тоқсан бойы жалғасады. Педагог әр оқушыны өткізілген сабақтардың кемінде 30 пайызында бағалап, тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарының кемінде 50 пайызын қамтуы тиіс. Нәтиже 1–10 балдық шәкіл бойынша бағаланады.

✍️ Каллиграфия арнайы бағалау мақсаты болмаса, оқушының жазу ерекшелігі балды төмендетуге негіз болмайды.

📌 1-сыныпта балдық бағалау жүргізілмейді.

🎯 Бағалаудың негізгі мақсаты – оқушыға тек баға қою емес, оның оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтау, ілгерілеуін бақылау және әрі қарай дамуына бағыт беру. Бағалау баланың алға жылжуына көмектесетін кері байланыс құралы болуы тиіс.