Терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету бөлім

Облыстық басқармалар, ортапық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, қалалар мен аудандардың әкімдіктерінің терроризмнің алдын алу жэне терроризм салдарын төмендету және (немесе) жою бойынша қызметін үйлестіру жолымен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету.

Құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жергілікті полиция қызметін ұйымдастыру бойынша қызметін үйлестіру.

Облыс әкімінің құқық қорғау жэне өзге де мемлекеттік органдармен қылмыспен, сыбайлас жемқорлық, есірткі саудасы, нашақорлық, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңдылық және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету.

Құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыс әкімінің құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық, Мемлекеттік шекара мәселелеріне қатысты актілері мен тапсырмаларын орындауды үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау.