Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу және қарау
Облыс басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру
Әкімнің кеңесшісіне келіп түскен өтініштерді талдау үшін ақпарат беру, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды жою бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.
"Электрондық үкімет" порталы, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформасы және өзге де арналар арқылы келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен ақпарат сұратуларының қаралуын бақылауды жүзеге асыру.
2021 жылғы 1 тоқсанда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жағдайы туралы
2020 жылы І тоқсанда 783 өтініш келіп түсті, оның ішінде:
- ҚР Президенті Әкімшілігінен – 103, оның ішінде бақылаудағы - 32 (2020 жылғы І тоқсан - 99, оның ішінде бақылаудағы - 52);
- ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен – 18, бақылаудағы - 6 (2020 жылғы І тоқсан - 22, бақылаудағылар – 7);
- ҚР Парламентінен – 10, барлығы бақылаудағы (2020 жылғы І тоқсан - 12, барлығы бақылаудағылар).
Өтініш түрлері бойынша: арыздар – 695, шағымдар – 45, ұсыныстар, үн қосулар, сауалдар – 43.
Өтініш берушілерге жауаптар белгіленген мерзімде берілді. Өтініштерді қарау кезінде сөзбұйдаға салу және формализм, қарау мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Өтініштерді талдау, келіп түскен әр үшінші өтініш халықты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үймен қамтамасыз ету (16,9%), еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету (11,4%), білім беру (12,1%), жер және жерді пайдалану (9,7%) мәселелеріне қатысты екенін көрсетеді.
29 өтініш қайталай келіп түсті немесе жалпы санынан 3,7 % құрайды. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде – 46 немесе жалпы санынан 7,2 % құрады. Бұл ретте дәлелдердің негізсіз болуына байланысты ешқайсысы қанағаттандырылған жоқ.
Облыс басшылығының жеке мәселелер бойынша 47 қабылдауы өтті. 49 адам қабылданды, оның ішінде облыс әкімі 23 адам қабылдады. Өтініш берушілердің 1 мәселесі оң шешілді, оның ішінде облыс әкімімен – 1, қабылдау барысында 20 жағдайда өтініш берушілерге ауызша түсініктеме берілді, 23– төмен тұрған органдарға (қала/аудан әкімдіктері және облыстық басқармалар) қарау үшін жіберілді, 3 - ведомстволық тиесіліліктері бойынша жолданды (полиция, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері).
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс тұрақты бақылауда.