Меню

Страницы

Статья

Tupkaragan district newspaper

Форматы

A3

Иесі

"Маңғыстау-Медиа" ЖШС

Бас редакторы

Жадыра Жолдасаов

Құрылғанжылы

5тамыз 1931жыл

Тілі

қазақша

 

Маңғыстау баспасөзінің тарихы сонау 1920 жылда жарыққа шыққан қабырға газетінен бастау алса, ол Түпқараған ауданының төл газеті – қазіргі «Ақкетік арайы» газетінің түп тамыры, төркіні. Алайда көп соқпаққа соқтыққан аудан баспасөзінің тарихында қиын да қыстау кездер көп болған. «Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағатының» қорында былай деп қысқаша көрсетіледі: «Маңғыстаудың мерзімді баспасөзінің тарихы 20-жылдардың басында Форт-Александровск қаласында шығып тұрған «Радиовестник» қабырға газетінен басталады. Кейінірек, уездік партия комитетінің шешімімен «Вестник партии» деп өзгертіліп, ол қазақ және орыс тілдерінде шыққан. Қолмен жазылып, көшіріліп көбейтілетін бұл қабырға газеті 1924 жылы «Лицом к деревне» («Ауылға бетінді бұр») деген ұран-атаумен шығарылып, қырдағы ауылдарға таратыла бастаған. Жер-жерде Кеңес өкіметін орнықтыру, тап күресін түсіндіру, көшпелі елді отырықшыландыру, сауатсыздықты жою сияқты сол кезеңнің басты саяси міндеттерін жүзеге асыру ісіне қызмет еткен газеттер шыға бастады» делінген мұрағат қорының ақпаратында. Кейін келе облыс, аудан баспасөзінің негізі ретінде «Жаңа жұртшылық» деген басылымның 1931 жылдың 5 тамызынан бастап жарық көргендігі айтылған. Бұл басылым тарихы туралы Маңғыстау энциклопедиясында «...Жаңа жұртшылық» -Маңғыстауда баспа тәсілімен басып шығарылған алғашқы газет. 1931 жылдан бастап Форт-Александровск баспаханасында 800 дана таралыммен айына он рет шығып, оған кезінде Ж.Сәрсенбин, Ғ.Нұрым, Ж.Қызылбаев сияқты өңірге белгілі азаматтар редакторлық еткен. Кеңес өкіметінің 30 жылдардың басындағы саясатына орай газеттің атауы 1932 жылы «Колхоз жолы» деп өзгертілген. 1950 жылдан бастап ауданға электр қуатымен жұмыс істейтін жаңа теру машиналарының келуіне байланысты газеттің полиграфиялық сапасы артты. Газет аты енді «Ленин туы» деп өзгерді. Оның көп жылдар бойғы редакторы әрі баспахана директоры болып  Мұстахи Бимағамбетов қызмет атқарды. 1962 жылдың 17 сәуірінде Гурьевтен жеделхат келіп түсті. Онда: Қазақстан Коммунистік партиясы облыстық комитетінің шешімімен 1962 жылдың мамырынан бастап аудандық баспаханалар мен газеттер өз жұмыстарын тоқтатады» делінген. Нұсқауға сәйкес аудандық баспахананың барлық жабдығы – 43 жәшік әріп, 10 орам қағаз, 4 роял, 12 рама, 44 әріп кассасы, 40 бұрыштық Гурьевке жөнелтілген екен.  Осылайша «Жаңа жұртшылық», «Колхоз жолы», «Ленин туы» болып әртүрлі атпен шыққан Түпқараған ауданының алғашқы газеті шын мәнінде ел өмірінің айнасы бола білді. Аудандық газет араға 30 жыл салып, басқа түрде басқа атпен жарық көрді. Бүгінгі атауы «Ақкетік арайы» саяси-қоғамдық газеті Түпқараған ауданының ақпарат жаршысы.

Үзілісте болған басылым тәуелсіздік таңы атқан жылдардан бергі уақытта 2002 жылдың 7 маусымынан ауданда «Түпқараған жаңалықтары», кейін «Ақкетік арайы» атымен шыға бастады. Аталмыш газетте Е.Іңірбайұлы, М.Кемер редакторлық етті. Басылым 2013 жылға дейін өзінің азғана еңбек күшімен, 6 штаттық бірлікте 1000 дана тираж көрсетті. Газет демеушілік қолдаумен «Ақжарма» әдеби бет, «Ақ желкен» мәдени бет, «Жас толқын» жастар бетін, «Денсаулық» және «Отбасы» беттерін өз оқырмандарына ұсынып, «Тәтті бөбектер-сәтті суреттер» фотобәйгесін 3 жыл үзбей ұйымдастырып, кейін соңғы жылы «Тәуелсіздік- жас фототілшілер көзімен» атты фотожурналистерді анықтау мақсатында байқау ұйымдастырды.  2013 жылдан бастап «Маңғыстау-Медиа» ЖШС құрамына енді. «Маңғыстау-Медиа» ЖШС,«Ақкетік арайы» газетінде Милана Елеусінова, Еділбек Дүйсенов, Жадыра Жолдасова, Клара Қансұлтанова штаттық бірлікте жұмыс жасады.

Қазіргі таңда «Ақкетік арайы»  қоғамдық- саяси газеті редакторыныңм.а  Жадыра Едігеқызы Жолдасова.

Дата публикации
26 апреля 2023
Дата обновления
26 апреля 2023
Тип
Newspapers/Magazines

Сейчас читают

18 августа 2026
Госуслуги на дом: казахстанцы выбирают выезд персонального менеджера
Information
24 июля 2026
Kazakhstan Showcases Digital Public Service Solutions to an International Delegation
Information
15 июня 2026
Kazakhstan and Georgia: Partnership in the Field of Public Services

Социальные медиа

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты