Махмут Керім Ғалымұлы
Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Керім Ғалымұлы – 1992 жылы 23 желтоқсанда Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.
Мансап
2013 жылы Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының «Құрылыс», 2016 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің “экономика және бизнес” магистрі, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының «Бизнес және басқару» магистрі мамандықтары бойынша оқып бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы «Тупкараган Строй» ЖШС-нің мастері болып бастап, 2014 жылы «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-нің жалпы құрылыс жұмысы бойынша шебері, 2015-2018 жж Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің инспекторы, бас маманы, 2018-2023 жж аталған басқарманың сәулет және қала құрылысы кадастры бөлімінің бас маманы, басшысы, басқарма басшысының орынбасары, 2023-2024 жж «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымында болды.
22.10.2026 жылы Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары қызметінде.