Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басты назарда!

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басты назарда!
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 8 күні жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған жиынға Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі және бақылау бөлімінің басшысы Р.Мугалова, аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Бекова және №2, 15 жалпы білім беру орта мектептерінің директорларымен мемлекеттік қызметтерге жауапты мамандар қатысты.
Жиын барысында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі және бақылау бөлімінің басшысы Р.Мугалова жаңадан тағайындалған мектеп директорларына, жауапты мамандарға мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бағытында жасалатын жұмыстар жөнінде, яғни жалпы білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің, оның ішінде электрондық қызметтердің көрсету тәртібін түсіндірді және қызмет алушылардан ақпараттық жүйеден алынатын құжаттарды талап етпеуді, мерзім бұзушылықты болдырмауды, құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда қызмет көрсетпеуді, электрондық түрде қызметтерді көрсету бағытында тиісті шара қабылдап, басшылық тараптан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылауды күшейту қажеттілігін атап өтті.
Жиын соңында жаңадан тағайындалған мамандар тарапынан қызмет көрсету саласына қатысты қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.