Мемлекет басшысы, Облыс әкімінің және аудан әкімінің аппараттық кеңесте берілген тапсырмаларының орындалуы әкімдіктің басты назарында

Мұнайлы ауданы әкімі Ержан Күмісқалиевтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Жиынға ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Абилов, Қоғамдық кеңестің төрағасы Дулат Шамшадинов, Мәслихат төрағасы Берік Біләлов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы орынбасары Гүлзада Мурадалиева аудандағы білім беру саласының жай-күйі туралы баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады.
Аудан әкімі Ержан Күмісқалиев бұл тұрғыда аудандағы үш ауысымды оқытуды жою, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім сапасын жоғарылату, мектептердің жәй-күйін бақылау сынды маңызды мәселелер бар екенін айтты.
«- Бүгінгі таңда оқу үрдісіндегі сапаға мән беріп, білім бәсекесіне қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге қадам жасау керек. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдауды барынша пайдалана білген дұрыс. Мұғалімдерді тек заң аясында ғана қызметке қабылдап, олардың шәкіртке сапалы білім бере алуына қолайлы жағдай жасау қажет. Өйткені зерделі шәкірттің көбеюі - мемлекеттің дамуының алғышарты», деді аудан әкімі Ержан Көпжасарұлы.
Бұдан соң аудандық мәслихат төрағасы Берік Біләлов те білім беру саласын жақсартуға арналған бірқатар ұсыныстар айтты.
Келесі кезекте Баянды ауылының әкімі Бектұрлы Ибраев халықпен есеп беру кездесулерде түскен сұрақтардың орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша былтыр тұрғындармен кездесуде 13 тапсырма берілген болса, оның 9-ы орындалған. Ауыл әкімі тұрғындардың өтінішіне қарай, ауыз су мәселесін шешу, тазалықты қадағалау, жол кедергілерін орнату, жарық шам қою, ауыл ішінде асфальт төсеуге жұмыстанған. Биыл ол ауыл аумағындағы жаяу жүргінші жолдарын қалпына келтіру, автобус аялдамасын көбейту, ойын - алаңдарын салу сынды жұмыстарды жоспарлап отырғанын айтты.
Аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелерді қараған соң жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырма беріп, уақытылы орындауды жүктеді. Сондай - ақ Мемлекет басшысының және облыс әкімінің, аудан әкімінің берген тапсырмаларының барлығының орындалысын ұйымдастыру - бақылау бөліміне қадағалауды тапсырды.

Направления деятельности