АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

5 шілде күні Мұнайлы ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аппараттық кеңес жиналысы өткізілді. Жиынға қатысқан Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев, Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы Берік Біләлов күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша, атап айтқанда ауданның оперативтік жағдайы, «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шара жоспарының орындалысы, маусымдық кезеңде жеміс-жидектер, бақша өнімдеріне берілетін сауда орындарының жәй-күйі және аудан аумағында шілде айында өтетін мерекелік шаралар туралы аудандық бөлім басшыларының баяндамаларын тыңдады.

Жиын барысында Мұнайлы аудандық Пб бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Б.Сындаров ағымдағы жылдың 27 маусым-03 шілде аралығында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне 162 хабарламалар мен оқиғалар келіп түскендігін, оның ішінде 3 қылмыс дерегі тіркелгендігін, сонымен қатар аудан аумағында әртүрлі әкімшілік құқық бұзғаны үшін 98 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығын, жол жүру ережесін бұзғаны үшін 69 құқықбұзушылық анықталғандығын айтты.

Мұнайлы ауданы бойынша  «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы жөнінде мәлімет берген аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол көлік және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қарасай Абыханов көлік-логистикалық инфрақұрылымның сапасын жақсарту, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, тұрғын-үй коммуналдық қызметтерді жақсарту бағытында атқарылған және атқарылуға тиіс жұмыстарды тілге тиек етті.

Аппараттық кеңестің күн тәртібінде талқыланған тақырыптар бойынша аудан басшысы Е.Күмісқалиев мекеме басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеді.