
Қазіргі уақытта қалада жолаушылар тасымалы саласында 7 автобус паркі жұмыс істейді.
Қаланың орналасқан жерін ескере отырып, күн сайын 240-250 мыңға жуық сапар (жылына 83 млн.) жасалатын 45 қалалық және 8 қала маңындағы маршруттардың қозғалысы ұйымдастырылды.
Күн сайын желіге 400-ге жуық автобус шығады.
Жолаушылар көлігі саласында 2023 жылы жолаушыларды қауіпсіз және жайлы тасымалдаудың барлық заманауи талаптарына сәйкес келетін жергілікті өндірістегі 146 жаңа автобус сатып алу бойынша жұмыс жүргізілді, бұл жаңа автобустардың үлесін 80% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.
2021 жылдың желтоқсанында ONAY компаниясы жүзеге асыратын жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі ресми түрде іске қосылды.
Бүгінгі таңда 430 мыңнан астам көлік картасы сатылды, ал қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 97% - ға дейін өсті.