Жаңаөзенде «Құтты шаңырақ» байқауының қалалық кезеңі өтеді

Жаңаөзенде «Құтты шаңырақ» байқауының қалалық кезеңі өтеді

 

«Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында «Құтты шаңырақ» байқауының қалалық кезеңі өтеді. Байқауға сұраныс пен өтінімдер 10 шілдеден 10 тамызға дейін қабылданады.

Байқау 25-50 жылдан астам отасқан отбасылар арасында өткізіледі. Қалалық кезеңнен жеңімпаз деп танылған екі отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және Маңғыстау облысы ҚХА Аналар кеңесі 15 қыркүйек - Отбасы күніне орай «Құтты шаңырақ» облыстық байқауын ұйымдастырады. Шараның мақсаты - отбасы құндылықтарын нығайту. Байқауға қатысушылар сұранысын ережеге сәйкес, презентация мен бейнероликтерін саралап, іріктейді.

Байқау туралы сұрақтар болса «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ-не 8/72934/ 77004 телефон нөмірі арқылы қосымша ақпаратты ала аласыздар.

Жарияланған күні

09 шілде 2025 20:18

Жаңарту күні

09 шілде 2025

Бағыттар