Жаңаөзен қаласында "Халықтық қатысу бюджеті"жобасы іске қосылды.

  • * Жаңаөзен қаласында "Халықтық қатысу бюджеті"жобасы іске қосылды.

     

    ✅ Назар аударыңыз, қаланың жанашыр және креативті тұрғындары!

     

    2025 жылғы 20 қаңтар-01 наурыз аралығында "Халықтық қатысу бюджеті"жобасы бойынша 2026 жылға өтінімдер жинау жүргізіледі.

    ⠀

    ✅ Кез келген адам қала аумағын дамыту мен абаттандыруға бағытталған өз идеясын ұсына алады. Егер сіздің бастамаңызды қала тұрғындары дауыс беру барысында қолдаса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

     

    ☑️ Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

     

    ✔️ Қысқаша атауы, бір сөйлем шегінде;

     

    ✔️ Жаңаөзен қаласы әкімдігінің құзыретін іске асыру;

     

    ✔️ бір автор-бір өтінім-бір объект;

     

    ✔️ жалпы пайдалану объектісі. ⬇️ ⬇️ ⬇️

 

akimdik_janaozen

 

❌ Жобалық ұсыныстар қарауға қабылданбайды:

✔️ ЖСҚ әзірлеуге ғана есептелген;

✔️ Тұтас емес, фрагменттік (болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді);

✔️ Қала бағдарламаларына және ҚР заңдарына сәйкес келмейді;

✔️ Жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтін;

✔️ Жобаны іске асыру құнынан асатын ұстау және қызмет көрсету (қосымша персонал) шығыстарын көздейтін;

✔️ Дөрекі лексика, жала, қорлау, зорлық-зомбылыққа шақыру және т. б. бар.

✅ Дауыс беру:

1 тұрғын-1 дауыс;

10 дауыстан кем жоба іске асырылмайды.

⠀

✔️ Ұсыныстарыңызды 01 наурыз 2025 жылға дейін күтеміз! Өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу онлайн режимінде Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайтында өтеді.

 

Жарияланған күні

10 қаңтар 2025 18:57

Жаңарту күні

10 қаңтар 2025

Түрі
Бағыттар