Жаңаөзен қаласында кондаминиум объектісін басқаруға және кондаминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы                 30 наурыздағы №166 «Кондаминиум объектісін басқаруға және кондаминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондаминиум объектісін басқаруға және кондаминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы»(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №20284 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1.Жаңаөзен қаласында кондаминиум объектісін басқаруға және кондаминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е. Утеев).

  1. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

4.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жаңаөзен қалалық мәслихатының

       2020 жылғы «__»______

         №___ шешіміне қосымша

 

Жаңаөзен қаласында кондаминиум объектісін басқаруға және кондаминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері

 

         

№

Атауы

Мерзім-ділік

Тариф -        1 айдағы

Тариф -         12 айдағы

1

Кондоминиум объектісін басқару, оның ішінде,

1 айда

48,97

587,64

 

Кондоминиум объектісін басқару үшін еңбекақы төлемі:   бухгалтерлік есепті, статистикалық және салық есептілігін жүргізу үшін еңбекақы төлемі;

 

15,25

183

 

Кондоминиум объектісін басқару үшін еңбекақы төлемі:                   атқарушы органға еңбекақы төлемі:

 

15,25

183

 

бюджетке міндетті төлемдер;

 

3,36

40,32

 

банк қызметі; 

 

0,61

7,32

 

есеп-айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін төлем

 

0,15

1,8

 

кеңсені ұстауға (жалға алу, байланыс қызметі, кеңсе тауарлары, ұйымдастыру техникасы және оны ұстау) арналған шығыстар

 

14,35

172,2

2

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау,                               оның ішінде:                                                                             

1 айда

4,00

48

 

кондоминиум объектісінің жертөлелік үй-жайларын, паркингтерін және басқада ортақ пайдалану орындарын дератизация, дезинфекциялау

 

4,00

48

3

Энергетикалық желілердің, энергия тұтынуды есептейтін аспаптардың тиісті техникалық жай-күйімен қауіпсіздігін қаматамасыз ету міндетті энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктелген жағдайларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің үйге ортақ инженерлік жүйелеріне, оның ішінде,                                                                              

1 айда

40,5

54

 

жылу:

 

7,50

90

 

ыстық су

 

7,50

90

 

салқын су:

 

7,50

90

 

кәріз құбырлары

 

7,50

90

 

электр жарығымен жабдықтау техникалық қызметі:

 

3,00

36

 

желдету

 

3,00

36

 

газбен жабдықтау техникалық қызметі  

 

1,50

18

 

үйге ортақ инженерлік жүйелермен жабдықтарды күзгі-қысқы кезеңге дайындау

 

3,00

36

4

Кондоминиум объектісін ортақ пайдаланатын орындарының санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, оның ішінде,                                           

1 айда

9,00

108

 

 кондоминиум обьектісінің үй маңындағы аумағы жер учаскесінің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, көгалдандыру жұмыстары;  

 

3,00

36

 

Үйге ортақ есептеу аспаптарын сатып алу, орнату, сервистік  қызмет көрсету және тексеру

 

 

 

 

авариялық жағдайларды ағымдағы  жөндеуді және оқшаулауды қамтамасыз ету, лифта

 

3,00

36

 

Өртке қарсы жабдықты күтіп ұстауды, өрт сөндіргішті сатып алу, арнайы жазуларды жүзеге асыруды, эвакуациялау жоспарлары 

 

3,00

36

5

Пәтерлермен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері жиналысының шешімі бойынша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға тұтынылған қоммуналдық қызметтер төлемдері, оның ішінде

1 айда

2,45

29,4

 

домофон жабдықтарын орнату

 

 

 

 

домофон жабдықтарға техникалық қызмет көрсету

 

 

 

 

судың шығыны

 

1,70

20,4

 

электр энергия шығыны

 

0,75

9

 

Барлығы (теңге/ м²)

1 айда

104,92

827,04