Құрылым

«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ

 «Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңда көзделген тәртіппен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметті үйлестіретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
         

Толығырақ

«Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ

«Ақтау қалалық тұрғын-үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімі болып табылады.Кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру, кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекеленген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындау; кондоминум  обьектісін басқару органы ұсынған кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізуге;Тұрғын үй инспекциясының өкілеттігіне ҚР-ның заңдарында көзделген өзге де  мәселелер кіреді;  

Толығырақ

Телефон:

+7 (7292) 33-65-20

Электрондық пошта:

r.zhukenov@mangystau.gov.kz

"Ақтау қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" ММ

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономика және бюджет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. «Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ. «Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»мемлекеттік мекемесі өз қызметін Республикасының Конституциясына және заңдарына, ҚазақстанРеспубликасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттiк мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7292) 50-30-00

Электрондық пошта:

m.zhubanazarova@mangystau.gov.kz

"Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ

  1. "Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет,дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  2. "Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі"  мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

      1) «Маңғыстау-Арена спорттық клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  2) «Теннис бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7292) 33-65-24

Электрондық пошта:

N.musagaliev@mangystau.gov.kz

"Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Жұмыссыз азаматтарды қабылдау, тіркеу және есеп жүргізу;халықты жұмысқа орналастыруға ықпал ету;жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде оралмандарды кәсіби даярлау және қайта даярлау;ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру (жұмыссыздардың еңбегін өтеу жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады);кәсіпорындардың сұраныстары бойынша кадрларды іріктеу,қаланың еңбек нарығындағы бос лауазымдар мен жұмыс орындары туралы халықты ақпараттандыру;халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ету;еңбек нарығындағы жағдайды болжау және талдау;

Толығырақ

Телефон:

+7 (7292) 43-26-16

Электрондық пошта:

g.hairliyeva@mangystau.gov.kz

"Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту " ММ

"Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту" мемлекеттік мекемесі - ішкі саясат саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру үшін мекеменің құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым.

Толығырақ

"Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ

«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала аумағында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Толығырақ

«Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бөлім басшысы өз қызметімен міндеттерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін сонымен қатар, ауыл әкімінің аппаратының жұмыс кестесін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады;Бөлім жер реформасы жөнінде жұмыстардың атқарылысын ұйымдастырады; Жер құқықтары қатынастары саласында мемлекеттік мүддесін қорғайды; Жерді аймақтарға бөлу, жер учаскелерінің шекарасын белгілеу және тиісті құжаттарды рәсімдейді;Өзінің құзіреті шегінде нақты жер учаскелерінің (жер пайдалану құқығының) құнын анықтау, оларды жеке меншікке сату, мемлекетке жер пайлануға беру, кепілдікке беруге қатысады;  

Толығырақ

Телефон:

+7 (7292) 50-40-96

Электрондық пошта:

u.aidynbek@mangystau.gov.kz

«Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ

Бөлім басшысы өз қызметімен міндеттерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін сонымен қатар, ауыл әкімінің аппаратының жұмыс кестесін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады;Мемлекеттік конкурс негізінде автокөлікпен қол жүктері мен жолаушыларды тасымалдауды, қалаішілік автомобиль жолдарын салуды, оларға ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, жеңімпазбен келісім-шартқа отыру, автобус аялдамаларын, маршруттарды және тағы басқаларды анықтау; Жергілікті нысандағы автомобиль жолдарының даму бағдарламасын және жоспарын орындау барысына бақылауды жүзеге асырады; 

Толығырақ

«Ақтау қалалық қаржы бөлімі» ММ

Қалалық бюджеттің атқарылуы  барысында бюджеттік саясатты  қалыптастыруды және іске  асыруды  қамтамасыз ету;коммуналды мүлікті, бухгалтерлік есепті, қаржылық есепті басқару;жергілікті бюджетті түсімдер бойынша орындау, жергілікті бюджеттің орындалу процесін  жетілдіру, есеп-кассалық қызмет көрсетуді жақсарту  және қаржылық  ресурстарын  басқару; қалалық коммуналдық  мүліктерінің  мақсатты  және  тиімді  пайдаланылуына  бақылау  жасауды және  жиынтық  есепті  жүргізу; қалалық  коммуналдық мүлікті мемлекет мүддесіне сай басқару; бөлімге Қазақстан Республикасының  басқа да заңнамаларымен жүктелген  міндеттерді  жүзеге  асыру  болып  табылады.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7292) 50-50-70

Электрондық пошта:

k.gabdulina@mangystau.gov.kz

"Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ

"Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте сәулет және қала құрылысы жер қатынастары саласындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. "Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ. "Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Толығырақ

«Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» ММ

«Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі  Ақтау қаласы аумағында құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Толығырақ