Тергеп-тексеру туралы (ТЖ)
- Анықтама
Оқиға – теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамның бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кету не поезды қабылдау-жөнелту маршрутына кетіп қалу, бірақ апат немесе авария салдары жоқ жағдайлары;
Жолаушылар пойызында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуін қоспағанда, оқиғалар мен инциденттерді тасымалдау процесіне қатысушылар тексереді.
Авария – теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың нәтижесінде адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілу және (немесе) жылжымалы құрамның күрделі жөндеу көлемінде зақымдалу жағдайлары;
Апат – теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың нәтижесінде адамның қаза болу және (немесе) жылжымалы құрамның мүкаммалдан шығарып тасталатын дәрежеге дейін зақымдалу жағдайлары.
- Тергеп-тексеру мақсаты
Темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын тергеп-тексеру мақсаты себептерді және (немесе) ілеспе факторларды белгілеу, болашақта қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
- Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын жүктеу. Тергеп-тексеру мерзімдері.
3.1 Комиссия тергеп-тексеру барысында алынған ақпарат пен жұмыс топтарының есептерін талдау негізінде қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайын жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиға, сондай-ақ апат немесе авария ретінде сыныптайды.
3.2 Жолаушылар пойызында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғалар, сондай-ақ апаттар мен аварияларды тергеп-тексеру комиссия құрылған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүргізіледі
*Жолаушылар пойызында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апат пен аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының сұрау салуы бойынша уәкілетті орган басшысының рұқсатымен.
4. Тергеп-тексеру тәртібі.

*Тергеп-тексеру жүргізудің толығырақ тәртібі Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 604 бұйрығымен бекітілген.