«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) агроөнеркәсіптік кешен саласында өсімдіктер карантині және оларды қорғау, астық нарығын реттеу, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы бөлігіндегі басшылықты жүзеге асырады.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Комитеттің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс
Төрағаның қабылдау бөлімі:+7 (7172) 555-961
e-mail: priemnaya.kgiapk@minagri.gov.kz
Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы: +7 (7172) 555-813
Баспасөз қызметі: +7 (7172) 555-933
Әдеп жөніндегі уәкіл: +7 (7172) 555-415