Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Әкімшілік басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, №ӘБ-02-3 индексі ), 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы", «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Аудиторлық қызмет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы»Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Кодексін білу,   «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білгені, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.              Жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындау, Департаментте жалпы-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау. Департаменттің жұмыс жоспарын құру және іс-шаралардың өз мерзімдерінде орындалуына бақылау жасау. Басшылықтың жиылысындағы хаттамаларды жүргізу, хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау. Құжаттарды мемлекеттік тілге аударуды жүзеге асыру, қазақ тіліндегі ресми құжаттарды түзету. Департаментте жиылыстар өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру. Мемлкеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасау. Мемлекеттік сатып алулар мен тауарлар процестерін ұйымдастыру және үйлестіру. Орындалған операцияларды үздіксіз құжатталған түрде көрсету жолымен қаржыландыру бойынша Департаменттің бухгалтерлік есебін жүзеге асыру, материалдық және қаржылық ресурстарды үнемді пайдалану үшін бақылау, түсетін қаражаттың есебін ұйымдастыру, шығыстар сметасының орындалуына байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында уақытылы көрсету. Департаменттің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары мен конкурстық құжаттамаларына сараптама жүргізу. ҚР «Мемлекеттік сатып алу» туралы заңына сәйкес келісімшарттарды жасасу және өткізу. Есептер жасау, тауар-материалдық құндылықтарды есепке алуды ұйымдастыру, сақтау және бөлу. Кейбір кадрлық құжаттамаларын жүргізу. Департамент бойынша бұйрықтарды, шешімдерді, құжаттарды әзірлеу, кіріс және шығыс құжаттарын уақытылы қарау.

«Б» Функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.09.2022 – 27.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жетісу облысы,Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр 48 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

Алматы облысы бойынша ЭТТД

Әкімшілік басқармасының бас маманы

Болат Макпал 87011977755, 87073434289