Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты, МҚҚБ-03-1 индексі),1 бірлік

Мемлекеттік орган

Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы", «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Аудиторлық қызмет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы»Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Кодексін білу,   «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білгені, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Департаментті жоғары білікті мемлекеттік қызметкерлермен жиынтықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, тұрақты ұжымды қалыптастыру, оның сапалы құрамын тұрақты түрде жақсартып отыру және аталған сұрақ бойынша аумақтық органдарға жәрдем көрсету. Департаменттің құрамын жетілдіру бойынша ұсыныстар өніміне қатысу. Өз құзіреті шегінде нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге ат салысу. Бөлімі қызметінің жұмысын жоспарлауға және жалпы басшылық жасауға, Бөлімі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттік тобын айқындау; басшылдықтың тапсырмаларын сапалы орындауды ұйымдастыру; Бөлімінің құзіретіне енетін сұрақтар бойынша ұсыныстарды басқарманың қарауына ұсыну; Бөлімінің жұмысын оңтайлы ұйымдастыруды жүзеге асыру; Бөлім жұмыскерлерінің қызметтеріне әдістемелік басшылық жасау; Бөлімге келіп түскен құжаттамаларды жедел түрде қарастыруды қамтамасыз ету; Департамент басшылығымен өткізілетін жиналыстарға қатысу Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық жасау; мемлекеттік құпияларды қорғау сұрақтары бойынша ұйымдастырушылық жобаларын және өкімдік құжаттарды әзірлеуде ат салысу; бөлімнің құпиялылық режимін қамтамасыз етуге бақылау жасау; бөлімшенің мемлекеттік құпияларын қорғау бойынша әдістемелік-ұйымдастырушылық басшылық жасау және олардың қызметін бақылау; құрылымдық бөлімшелерде құпиялылық режимін қамтамасыз етуге бақылау жасау.

«Б» функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.09.2022 – 26.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр 48 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

Алматы облысы бойынша ЭТТД

Әкімшілік басқармасының бас маманы

Болат Мақпал

87011977755, 87073434289