Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Әкімшілік басқармасының бас маманы -есепшісі , С-О-5 санаты , 01-2

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

 Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

      Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

Функционалды міндеттер

Департамент міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру; бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын "1С бухгалтерия"  бағдарламасына енгізу. Бюджет қаражатының уақытылы игеруіне болжам жасау. Дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есеп жасау. Ережелерге сәйкес балансты жасау  және қаржылық есептілікті ұсыну. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді ұсынады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.09.2022 – 19.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.09.2022

Сұхбаттасу орны

Орал қаласы, ул. А. Каримуллина, 2/2

Анықтама алу үшін байланыс

8(7112)538471, 8(7112)538480, 87479908208