Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығының асыл тұқымды өсіру бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Аймақтану
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Биотехнология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының Заңнамасын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Microsoft office, Microsoft Excel, Power Point бағдарламаларының стандартты пакетімен жұмыс істей білу.

ҚР ҚМА КО штаттық кестесіне сәйкес бұл лауазым «А» функционалдық блогына жатады, санаты 6.

Функционалды міндеттер

Бөлімнің қызметін жалпы басқару және үйлестіру, бөлімнің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын жасау, бөлімнің лауазымды адамдарының (асыл тұқымды иттер питомнигінің) жұмыс нәтижелерін талдау, жас жануарларды, қызметтік иттерді жөндеу және асыл тұқымды өсіруді жетілдіруге және жұмыс сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру, асыл тұқымдық жұмыстарды, қызметтік иттерді үйретуді ұйымдастыру және жүргізу, басшылықтың атына қызметтік иттерді үйретудің жағдайы мен дамуын, әдістемесін жақсарту, күшіктерді күту және өсіру бойынша ұсыныстар, асыл тұқымдық жұмыс және күшіктердің, жас төлдердің қажетті жұмыс сапасын дамыту жөніндегі әдістемелік құралдарды әзірлеу және бекіту, республикалық және халықаралық көрмелер мен жарыстарға қатысуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, асыл тұқымдық жұмыстың есебін жүргізуді ұйымдастыру және бақылау; ко ветеринариялық бөлімімен және Алматы қаласының ветеринариялық қызметтерімен өзара іс - қимылды қамтамасыз ету; өңірлердегі асыл тұқымды иттермен жұмысты бақылау, бөлімнің есеп дайындауын және іс жүргізуін бақылау; күшіктерді өсіру әдістемесін жетілдіру бойынша талдау, ит басын сақтау бойынша жұмыс жүргізеді, Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімнің жүктелген міндеттерін орындауға және функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады, бөлім желісі бойынша есептілік пен іс жүргізуді жүргізеді, КО және Агенттік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.08.2022 – 22.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қ. Красногорская к. 53

Анықтама алу үшін байланыс

2-90-34-53