Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қаржылық мониторинг департаментінің басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Мамандығы

  • Құқық
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Департамент қызметіне жалпы басшылық жасау; Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі және басқа да жоғары тұрған ұйымдар тапсырмаларының орындалу мерзімі мен сапасына бақылауды ұйымдастыру; хат алмасуды жүргізу; Агенттіктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
Департамент басшысы орынбасарының, басқарма басшыларының және Департамент қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Өз құзыреті шегінде Департамент басшысының орынбасарына, басқарма басшыларына және департамент қызметкерлеріне нұсқаулар мен тапсырмалар береді;
Өз құзыреті шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;
Агенттік басшылығы тапсырмаларының, Департаменттің орындауындағы бақылау және өзге де құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Департамент қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды дайындайды және Агенттік төрағасына ұсынады;
Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттік басшылығының қарауына ұсыныстар енгізеді;
Департаментте Еңбек және атқарушылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді; Департаментте құпиялылық режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді; заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің негізгі функциялары мен міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінен, аумақтық органынан және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан сұратады;
Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі субъектілерінен, мемлекеттік органдарынан, квазимемлекеттік сектордан және шет мемлекеттің құзыретті органдарынан Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), қылмыстық активтерді іздеуге және қайтаруға байланысты әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және тергеу саласындағы қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратады; Өз құзыреті шегінде Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), қылмыстық активтерді іздеуге және қайтаруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Құпиялылық режимдерін сақтай отырып, превенция және талдамалық әзірлемелер жөніндегі уәкілетті Департаментпен ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; Агенттіктің жұмысын жетілдіру және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы іске асыруға және орындауға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
Агенттіктің құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысады; Департамент басшысының және Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының келісімімен дербес Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен ақпарат, мәліметтер және құжаттар алмасады;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 30.06.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.07.2022 – 12.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 10

Анықтама алу үшін байланыс

8 (717)2-32-21-48