Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы, санаты С-О-4, 1 бірлік
Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті
Жамбыл облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің төрағасының бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Тиісті лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда: сәйкесті мамандығы бойынша меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі.
Жеке компьютерде MS Word, MS Excel, E-mail бағдарламалары бойынша, Интернетпен ықпаластырылған ақпараттық жүйесімен және электрондық почтамен жұмыс істей алу.
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық жасау; мемлекеттік құпияларды қорғау сұрақтары бойынша ұйымдастырушылық жобаларын және өкімдік құжаттарды әзірлеуде ат салысу; бөлімнің құпиялылық режимін қамтамасыз етуге бақылау жасау; бөлімшенің мемлекеттік құпияларын қорғау бойынша әдістемелік-ұйымдастырушылық басшылық жасау және олардың қызметін бақылау; құрылымдық бөлімшелерде құпиялылық режимін қамтамасыз етуге бақылау жасау. Кіріс және шығыс құжаттарын уақытылы қарау. Лауазымдық міндеттері мен құзырет бөліміне сәйкес, басшылықтын өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.01.2022
- Тараз қ., Төле-би жаңғылы, 81 үй
-
8(7262) 34-75-34