Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Әкімшілік басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 27 қаңтар 2024 жылға дейін).

Мемлекеттік орган

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Департамент міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру; бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу,  қаржылық есептілікті жасау; республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің, нысаналы даму трансферттінің іске асырылуы туралы талдамалық есепті ұсынады, Департаменттің басқармаларының жұмысын жүзеге асыру мақсатында қорларды, жұмысты қабылдау іс-шараларын ұйымдастыру, міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын «1 С бухгалтерия» бағдарламасына енгізу, бюджет қаражатының уақытылы игеруіне болжам жасау,  дебиторлық және кредиторлық  берешек туралы есеп жасау, Қазақстан Республикасының Қаржы министірінің  2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген  қаржылық есептілікті  жасау және балансты ұсынады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де  міндеттерді орындайды. Негізгі құралдарды ұйымдастыру және есепке алу. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.10.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.11.2021 – 03.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 А шағын аудан, № 5 әкімшілік ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

87292403641