Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Әкімшілік басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 20 сәуір 2023 жылға дейін).
Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті
Маңғыстау облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өткеруін ұйымдастыру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу; мемлекеттік қызметшілерді және құқыққорғау органдары қызмешілерін іріктеу, орналастыру және орындарын ауыстыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; мемлекеттік қызметшілердің арнайы міндетті тексеруден өтуі үшін құжаттарын дайындау және жіберу, жеке құрам, демалыстар мен басқа да кадрлық мәселелер бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау; мемлекеттік қызметшілердің аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу; кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өтілін айқындау бойынша комиссия жұмысына арналған материалдарды дайындау; Департамент қызметкерлерінің саны және сапалық құрамы бойынша жиынтық мәліметтер әзірлеу, конкурстық, аттестаттау комиссияларының жұмысына материалдар дайындау; қызметкерлердің жеке істері мен еңбек кітапшаларын есепке алу мен сақтау; еңбек тәртібінің сақталуын бақылау және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 А шағын аудан, № 5 әкімшілік ғимарат
-
8(7292)40-36-41