Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімінің бас маман.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Археология және этнология
  • Шығыстану
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ақпараттық жүйелер
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Электр энергетикасы
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Кинологиялық орталыққа шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады; шаруашылық құрал-саймандардың сақталуын, сондай-ақ үй-жайлар мен оған іргелес аумақта тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді; үй-жайлардың жай-күйін бақылайды және оларды уақтылы жөндеу бойынша шаралар қабылдайды; қызмет көрсететін персоналдың жұмысын ұйымдастырады: жұмысшылар, еден жуушылар, слесарлар және т. б.; бөлімшелерді шаруашылық құрал-саймандармен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын бақылауды және уақтылы жөндеу жүргізуді жүзеге асырады; кинологиялық орталықты материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қатысу, КО объектілерін, ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік желілер мен коммуникацияларды күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; КО-да техниканың, шаруашылық мүкәммал мен жабдықтың, автокөлік құралдарының, инженерлік желілер мен коммуникациялардың үздіксіз және авариялық жұмысы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; қызмет көрсетуге шарт жасау үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді, қажетті шаруашылық материалдары мен мүкәммалды алуды және сақтауды ұйымдастырады, олармен бөлімшелерді қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың жұмсалу есебін жүргізуді және белгіленген есептілікті жасауды жүзеге асырады, КО және Агенттік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.10.2021 – 03.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Красногорская көшесі, 53

Анықтама алу үшін байланыс

8-727-290-34-53