Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы кадр жұмысы бөлімінің бас маман.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Педагогика және психология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

КО-да құжат айналымы бойынша жұмысты ұйымдастыру, бөлім құзыреті шегінде ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын және басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу, КО ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарын әзірлеуге қатысу, штатты жасақтау бойынша жұмыстарды жүргізу, Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді мерекелеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; КО лауазымды тұлғаларын аттестаттауды дайындау және өткізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, КО бойынша ұйымдастыру мәселелерін шешу; атқарушылық тәртібін бақылауды жүзеге асыру; КО жұмысын бақылау және жоспарлауды ұйымдастыру; құжаттамалық, хаттамалық, ақпараттық, мұрағаттық, курьерлік қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру, КО-да тіл саясатын іске асыру және мемлекеттік тілді жетілдіру бойынша бақылауды жүзеге асыру; КО басшылығының азаматтарды қабылдауын үйлестіру және ұйымдастыру, әртүрлі іс-шараларды (семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар және т. б.) ұйымдастыру және өткізу, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; КО құрылымдық бөлімшелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету; мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, тіл саясаты саласындағы жоспарларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды жоспарлау және өткізу қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; құжаттар жобаларының мемлекеттік тілдегі мәтіндеріне лингвистикалық сараптама жүргізу. БҚА, МОИП, Е-Минфин, ЭСЭДО бойынша жұмыс. Хаттамалық қамтамасыз ету (материалдарды дайындау, хаттама жүргізу және тапсырмалардың орындалуын бақылау). Мемлекеттік тілде қызметтік құжаттардың редакциялық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ КО іс қағаздарын жүргізу. Мемлекеттік тілді жүргізу және дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру. БАҚ бойынша өзара іс-қимыл. Халықаралық ынтымақтастық. КО есептік деректерін дайындау, КО және Агенттік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.10.2021 – 03.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Красногорская көшесі, 53

Анықтама алу үшін байланыс

8-727-290-34-53