Мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бөлім басшысы (1 бірлік, МҚҚБ-03-1).
Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті
Қарағанды облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Департаментті жоғары білікті мемлекеттік қызметкерлермен жиынтықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, тұрақты ұжымды қалыптастыру, оның сапалы құрамын тұрақты түрде жақсартып отыру және аталған сұрақ бойынша аумақтық органдарға жәрдем көрсету. Департаменттің құрамын жетілдіру бойынша ұсыныстар өніміне қатысу. Өз құзіреті шегінде нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге ат салысу. Бөлімі қызметінің жұмысын жоспарлауға және жалпы басшылық жасауға, Бөлімі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттік тобын айқындау; басшылдықтың тапсырмаларын сапалы орындауды ұйымдастыру; Бөлімінің құзіретіне енетін сұрақтар бойынша ұсыныстарды басқарманың қарауына ұсыну; Бөлімінің жұмысын оңтайлы ұйымдастыруды жүзеге асыру; Бөлім жұмыскерлерінің қызметтеріне әдістемелік басшылық жасау; Бөлімге келіп түскен құжаттамаларды жедел түрде қарастыруды қамтамасыз ету; Департамент басшылығымен өткізілетін жиналыстарға қатысу Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық жасау; мемлекеттік құпияларды қорғау сұрақтары бойынша ұйымдастырушылық жобаларын және өкімдік құжаттарды әзірлеуде ат салысу; бөлімнің құпиялылық режимін қамтамасыз етуге бақылау жасау; бөлімшенің мемлекеттік құпияларын қорғау бойынша әдістемелік-ұйымдастырушылық басшылық жасау және олардың қызметін бақылау; құрылымдық бөлімшелерде құпиялылық режимін қамтамасыз етуге бақылау жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті" РММ, Қарағанды қаласы, Б. Хмельницкий көшесі, 14 үй
-
8(7212)56-44-70