Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің F6 басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Техникалық физика
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Басқарма және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау; хат алмасуды жүргізу; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесін дамыту; Комитеттің құзыретіне жататын ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды ұйымдастыру; деректер қабылдауды, өңдеуді, сақтауды және беруді қамтамасыз ету, тиісті ақпараттық ресурстарға Комитеттің пайдаланушыларының қол жеткізуін шектеу;  Комитеттің ақпараттық ресурстары бойынша ақпараттық-анықтамалық жұмыстарды жүзеге асыру; инженерлік-техникалық қорғау жүйесін жасау және дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;   ақпаратты қорғау және Комитеттің ақпараттық жүйесінің деректер базасына пайдаланушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ету, деректердің мұрағаттық базасының сақталуын қамтамасыз ету; бизнес-процессерді автоматтандыруда математикалық әдістер мен алгоритмдер моделін қолдану; іс жүргізу және іс номенклатурасын жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.03.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 1 кіреберіс, 708 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 32-21-48