ҚР ҚМА Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментінің Әкімшілік басқармасының басшысы
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті
Қызылорда облысы
141576 - 191482
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар
- Құқық
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Департаменттің кадрлар бойынша қажеттілігін талдау, жоғары білікті мемлекеттік қызметкерлер құрамын, тұрақты ұжымды қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жаңа лауазымдар мен мамандарға қажеттілік туындауға байланысты штаттық кестеге өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар дайындау. Департамент қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстар өткізу. Департамент қызметкерлерімен Этикалық кодекс нормаларының, еңбек тәртібінің және ішкі тәртіптің сақталулына бақылау жасау.
Департаменттің қаржылық және материалды-техникалық қажеттілігін қамтамасыз ету (бухгалтердік есеп және мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарға басшылық).
Құжатайналымды жүргізуді, құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылауға алу, департамент қызметін ақпараттандыруды ұйымдастыру (кеңсе, баспасөз қызметі бойынша жұмыстарға басшылық).
Департамент бойынша серверлік, компьютерлік, телекоммуникациялық, желілік құрылғылардың және ақпараттық жүйенің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету (ақпараттық технология қызметі бойынша жұмыстарға басшылық).
Өз құзіреті шегінде нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге ат салысу. Басқарма қызметін жоспарлау және жалпы басшылық жасау, оңтайлы ұйымдастыруды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлеріне әдістемелік басшылық жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- г.Кызылорда Тасбугет кенті Ш.Есенова көшесі 16үй
-
8(7242)21-67-47