Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы-аппарат басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; хат алмасуды жүргізу; басқарманың құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Комитет төрағасының тапсырмаларын өз уақытында сұрақтары бойынша орындауды, Комитеттің жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру, бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіші, міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын әзірлеу үшін бақылауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспарын қалыптастыру және орындалуын қамтамасыз ету; Комитеттің жұмыс жоспарын қалыптастыру және бекіту, белгіленген мерзімде оның іс-шараларының орындалуын бақылауды бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Комитеттің, аумақтық органдардың төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын орындауына талдауды, мониторингті және бақылауды қамтамасыз ету; есептердің уақытылы және сапалы дайындалуына және олардың уәкілетті органдарға ұсынылуына, бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуына, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жүргізілуіне, мүліктің, тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуына, мемлекеттік сатып алудың жүргізілуіне және Комитеттің материалдық-техникалық қамтамасыз етуіне бақылауды қамтамасыз ету; Комитеттің орындау тәртібін бақылау мен тексеру; Комитет және оның аумақтық бөлімшесінің ұйымдастыру, каржылық-шаруашылық, құжатайналым, Комитеттің Интернет-ресурсы жұмыстарын бақылау, ұйымдастыру және үйлестіру; Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшілерімен басқарманың жұмысын үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- г.Нур-Султан, пр. Мәңгілік Ел, 8, 1 подъезд, 708 кабинет
-
8 (7172) 32-21-48