Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы
Қостанай облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Департаменттің жоғары білікті лауазымды тұлғалар мен қызметкерлермен жұмысын ұйымдастыру, тұрақты ұжымды қалыптастыру, оның сапалы құрамын үнемі жетілдіру және осы мәселе бойынша көмек көрсету; департаменттің құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзерлеуге қатысу; Департаменттің жалпы басшылығы мен жұмысын жоспарлау, кафедра қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін анықтау; нұсқауларды сапалы орындауды ұйымдастыру. Бөлімнің жалпы басшылығын және қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде құпиялық режимнің қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады; құпия мәліметтердің жария болуы мүмкін болатын каналдарын анықтау және жолын кесу мақсатында бөлімшелердің қызметін зерделейді, құпиялық режимінің бұзылуын есепке алады және талдайды; құпия мәліметтерді жария ету, осындай мәліметтер бар құжаттардың жоғалуы және құпиялық режимінің басқа да бұзылу фактілері бойынша қызметтік тергеуледі жүргізеді; келешектегі және ағымдағы жоспарларды әзірлейді, жоғары тұрған органның АҚБ-ға атқарылған жұмыстар туралы есепті ұсынады, қызметкерлермен құпиялық режимін сақтау бойынша профилактикалық жұмысты жүргізуді ұйымдастырады; құпия және өте құпия мәліметтерге рұқсат берілген қызметкерлердің лауазымдық номенклатурасын әзірлейді; рұқсаттарды ресімдеу және қайта ресімдеу үшін материалдарды ресімдейді және уақытылы ұсынады және олардың мерзімін бақылайды; құпия құжаттарға рұқсаты бар лауазымды адамдармен нұсқама жүргізеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- 08.04.2020
- Қостанай қаласы, Зеленая, 23 көшесі
-
8(7142) 27-34-03