Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығының оқу процесін ұйымдастыру бөлімінің бас маман-кинолог (оқытушы), С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Құқық
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Биотехнология
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Қосымша талаптар

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

       жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

       мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

       жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білім беру саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (Шетел тілі: екі шетел тілі); гуманитарлық ғылымдар( халықаралық қатынастар); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес( мемлекеттік және жергілікті басқару, жұртшылықпен байланыс); техникалық ғылымдар және технологиялар (жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, биотехнология, стандарттау және сертификаттау); құқық, жаратылыстану ғылымдары (химия, биология), ауыл шаруашылығы ғылымдары және (мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Аңшылықтану және аң шаруашылығы). Тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Заңнамасын, "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Microsoft office, Microsoft Excel, Power Point бағдарламаларының стандартты пакетімен жұмыс істей білу.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);
  • тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Кинология орталығыныңда тапсырылуы тиіс.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері немесе кеңесшілері, баспасөз хатшылары конкурс өткізілместен мемлекеттік лауазымға орналасқаннан кейін тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өткен жағдайда бір жыл өткен соң ішкі конкурсқа қатысуға жіберіледі.

            Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.

Бұл ретте, ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.

            Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде онлайн режимінде өтеді.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясының хатшысымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының іс-әрекеті мен шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусыныңмемлекеттік

әкімшіліклауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

Нысан

            __________________________

  (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.

                                                                                                           (иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

 

______________________________________________________________________

 

______________________________________________________________________

 

______________________________________________________________________

 

Мекенжайы: __________________________________________________________

 

Байланыс телефоны: ____________________________________________________

 

e-maіl: ________________________________________________________________

 

ЖСН: ________________________________________________________________

 

_________                                             ______________________________________

(қолы)                                                     (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

"___"_______________ 20 __ ж.



 

 

Функционалды міндеттер

оқу-материалдық базаны дайындауды, техникалық құралдарды дұрыс пайдалануды, оқу және әдістемелік жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, есірткі құралдарын, жарылғыш заттар мен қаруды, валютаны, дериваттарды іздеуге қызметтік иттерді қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар, лекциялық материалдар әзірлеу, қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, көлікте, багажда және басқа да объектілерде жасырын жерлер мен жасырын орындарды анықтау тактикасы бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу, кинологиялық орталықта бастапқы даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтіп жатқан құқық қорғау органдарының кинологиялық қызметтерінің қызметкерлерімен теориялық және практикалық сабақтар өткізу, кинолог-мамандарды даярлау әдістемесін және есірткі құралдарының, жарылғыш заттардың, қару мен валютаның заңсыз айналымына қарсы күресте қызметтік-іздестіру иттерін қолдану тактикасын жетілдіру; үйретудің жалпы курсы, қорғаныс қызметі және арнайы жаттықтыру бойынша бекітілген қызметтік иттерді даярлау және жаттықтыру, бөлімнің есебін дайындау және іс қағаздарын жүргізу, кинология бағыты бойынша тренингтер, семинарлар ұйымдастыру және өткізу, Кинологиялық орталық пен Комитет басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.11.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.11.2020 – 23.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

г. Алматы, ул. Красногорская 53

Анықтама алу үшін байланыс

тел: 8(727) 290-34-53