Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің F1 басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Құқықтану
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарма және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау; хат алмасуды жүргізу; қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар туралы ақпарат жинау және өңдеу; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы қаржы мониторингі субъектілерінің тиісінше орындау мәселесі бойынша реттеуші мемлекеттік органдармен ынтымақтастық жасау; қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық жасау, жұмыс кездесулерін, семинарлар, дөңгелек үстелдер, ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардың шағымдарымен жұмыс істеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау; кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы тәуекел бағалауды жүргізу; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері жобаларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу; басқармада іс жүргізу және іс номенклатурасын жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көш., 10
-
8 (7172) 32-21-48