ҚР ҚМ ҚМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті әкімшілік бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар
- Құқық
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындау, Департаментте жалпы-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау. Қатаң есептілік бланкілерінің есебіне, сақталуына және берілуіне бақылау жасау. Департамент бойынша бұйрықтарды, шешімдерді және де басқа құжаттарды дайындау. Департаменттің жұмыс жоспарын құру және іс-шаралардың өз мерзімдерінде орындалуына бақылау жасау. Басшылықтың жиылысындағы хаттамаларды жүргізу, хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау. Құжаттарды мемлекеттік тілге аударуды жүзеге асыру, қазақ тіліндегі ресми құжаттарды түзету. Департаментте жиылыстар өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру. Кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдау және тіркеу. Құжаттардың уақытында орындалуын бақылау. Кіріс және шығыс құжаттарын уақытылы қарау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.11.2020
- Петропавл қаласы, Назарбаев көшесі, 120
-
8-7152-46-71-78