Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Терроризмді, есірткі бизнесін, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржылық мониторинг департаментінің FT3 басқармасының бас консультанты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

395611

Жалпы біліктілік талаптары

   В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

   4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Математика және статистика
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қаржы
  • Қаржы және кредит
  • Автоматтандырылған басқару жүйелері
  • киберқауіпсіздік
  • үлкен талдаулар базасы
  • программалық инженерия
  • компьютерлік ғылым
  • Компьютерлік инженерия
  • Ақпараттық технология, iT менеджменті

Қосымша талаптар

белгілі бір деңгейден төмен емес ағылшын тілін білгені жөн (А2, В1, В2, IELTS немесе TOEFL сертфикаттарының болуы).

Функционалды міндеттер

Орындау; хат алмасуды жүргізу; жеке адамға қарсы, жеке меншікке және
қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар бойынша
кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) байланысты қызметті айқындау
және жолын кесу мақсатында ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен
операциялар туралы талдау арқылы қаржы мониторингін жүзеге асыру;
есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымынан алынған
кірістерді заңдастыру (жылыстату) материалдар бойынша талдау, статистика
және есептілік жүргізуді жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде Қазақстан
Республикасының Бас прокуратурасына беру үшін күдікті операцияны
тоқтату, гипотезалар, құжаттар, схемалар және басқа материалдар туралы
ақпараттар жобаларын дайындау; сонымен қатар, терроризмді
қаржыландыру әдістерін және жүйесін, типологияны әзірлеу; арнайы
бірлескен іс-шаралар мен жоспарлар шеңберінде терроризмді, экстремизмді
және оларды қаржыландырудан алынған кірістерді кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жасау саласында Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен
өзара іс-қимыл жасау; терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен
байланысты ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізбесін жасау және Агенттіктің
тиісті басқармаларына Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастыру
үшін жіберу және оны тиісті мемлекеттік органдарға электронды түрде
жіберу; іс жүргізу және іс номенклатурасын жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.09.2025 – 30.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Бейбітшілік 10

Анықтама алу үшін байланыс

8-71-72-70-84-78 вн 21221