Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы
Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті
Қостанай облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
«А» блогы. Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады; Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет етуде өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады; Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде құпиялық режимнің қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады; құпия мәліметтердің жария болуы мүмкін болатын каналдарын анықтау және жолын кесу мақсатында бөлімшелердің қызметін зерделейді, құпиялық режимінің бұзылуын есепке алады және талдау жүргізеді; құпия мәліметтерді жария ету, осындай мәліметтер бар құжаттардың жоғалуы және құпиялық режимінің басқа да бұзылу фактілері бойынша қызметтік тергеуледі жүргізеді; келешектегі және ағымдағы жоспарларды әзірлейді, жоғары тұрған органның МҚҚБ-ға атқарылған жұмыстар туралы есепті ұсынады, қызметкерлермен құпиялық режимін сақтау бойынша профилактикалық жұмысты жүргізуді ұйымдастырады; құпия және өте құпия мәліметтерге рұқсат берілген қызметкерлердің лауазымдық номенклатурасын әзірлейді; рұқсаттарды ресімдеу және қайта ресімдеу үшін материалдарды ресімдейді және уақытылы ұсынады және олардың мерзімін бақылайды; құпия құжаттарға рұқсаты бар лауазымды адамдармен нұсқама жүргізеді, олардың құпия режимінің тиісті талаптары бойынша білімдерін тексереді; шекарадан тыс шығатын, құпия мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды адамдарға нұсқаулық жүргізуге қатысады; құпия іс қағаздарын жүргізеді және ұйымдастырады, құпия құжаттарды көбейтудің бекітілген тәртібінің қамтамасыз етілуін, олардың есепке алуын, сақтауын және пайдалануын бақылайды; құпия іс қағаздарын, сондай-ақ құпия емес іс қағаздарды жүргізу кезінде құпия мәліметтердің жария болуының алдын алуға шаралар қабылдайды, қызметкерлердің құпия құжаттарды пайдалану ережелерін және олардың уақытылы қайтарылуын бақылайды, Департаменттің орнын ауыстыру бойынша жұмыс кезінде құпиялылық режимін сақтау бойынша іс шараларды орындауды ұйымдастырады; Департаменттің тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының жұмысын жүргізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қостанай қаласы, Гоголя,183 көш.
-
53-64-12