Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Цифрландыру департаментінің Цифрлық дамыту басқармасының бас консультанты (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы уақытына 16.06.2028ж. дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

350611

Жалпы біліктілік талаптары

   В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

   4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Математика
  • Информатика
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Автоматтандырылған басқару жүйелері
  • киберқауіпсіздік
  • үлкен талдаулар базасы
  • программалық инженерия
  • Компьютерлік инженерия
  • Ақпараттық технология, iT менеджменті

Функционалды міндеттер

Басқарма, Департамент және Агенттік
басшылығының тапсырмаларын орындау; хат
алмасуды жүргізу; қылмыстық жолмен алынған
кірістердізаңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл
саласында Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесін
дамыту; Агенттіктің құзыретіне жататын
ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды
ұйымдастыру; деректер қабылдауды, өңдеуді,
сақтауды және беруді қамтамасыз ету, тиісті
ақпараттық ресурстарға Агенттіктің
пайдаланушыларының қол жеткізуін шектеу;
Агенттіктің ақпараттық ресурстары бойынша
ақпараттық-анықтамалық жұмыстарды жүзеге
асыру; инженерлік-техникалық қорғау жүйесін
жасау және дамыту бойынша жұмысты
ұйымдастыру; ақпаратты қорғау және
Агенттіктің ақпараттық жүйесінің деректер
базасына пайдаланушылардың қол жеткізуін
қамтамасыз ету, деректердің мұрағаттық
базасының сақталуын қамтамасыз ету;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2025 – 10.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Бейбітшілік 10

Анықтама алу үшін байланыс

87019482888