Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Әкімшілік басқармасының басшысы (№АУ-1) функционалдық блок B

Мемлекеттік орган

Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Аймақ

Абай облысы

Санат

С-О-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Департаментті жоғары білікті лауазымды тұлғалармен және қызметкерлермен толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, Тұрақты ұжымды қалыптастыру, оның сапалық құрамын үнемі жақсарту және Департаменттің осы мәселесі бойынша жәрдем көрсету. Департамент құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау және жұмысты жоспарлау, басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындау; басшылық тапсырмаларының сапалы орындалуын ұйымдастыру; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына шығару; басқарма жұмысын оңтайлы ұйымдастыруды жүзеге асыру; басқарма қызметкерлерінің қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; Басқармаға келіп түсетін құжаттаманы жедел қарауды қамтамасыз ету; Департамент басшылығы өткізетін кеңестерге қатысу. Кадр құрамына талдау жүргізу, кадрларға қажеттілікті жоспарлау, жаңа лауазымдар мен мамандардың қажеттіліктеріне байланысты штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы басшылыққа ұсыныстар дайындау, қажет болған жағдайда тәртіптік жаза туралы ұсыныстар енгізу. Департаменттің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Департамент қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізуді бақылау және ұйымдастыру. Мүліктің ұтымды пайдаланылуына және материалдық құндылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру; Қаржы-шаруашылық, кадр жұмысы бойынша статистикалық есептер мен өзге де есептердің жасалуын бақылауды жүзеге асыру; ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Департаменттің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық, лауазымдық құқық бұзушылықтарды және заңсыз әрекеттерді анықтау, алдын алу және жолын кесу. Ресурстарды тиімді пайдалану және басқару шешімдерін қабылдау бойынша ведомстволық бақылауды қамтамасыз ету. Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын іске асыру және мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулер мәселелері бойынша Департамент қызметінің мониторингі, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. Департамент қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) қызметтік тексеру және тексеру жүргізу. Кіріс және шығыс хат-хабарларды уақтылы қарау. Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша жұмысты орындау. Конкурстар, баға ұсыныстарын сұрату, Электрондық сатып алу туралы ақпаратқа талдау жүргізуге, өнім беруші туралы деректер банкін құруға, Тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізуді жүзеге асыруға, сатып алу іс-шаралары үшін конкурстық құжаттаманы алуды жүзеге асыруға қатысу; Мемлекеттік сатып алу сайттарының мониторингін жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы алынған нәтижелерге талдау жүргізу, конкурс тәсілдерімен қайта сатып алу туралы ақпарат алу, аукцион және баға ұсыныстарын сұрату; Бюджетті құруға, өтінім беруге және Мемлекеттік сатып алу жоспарына қатысу; Мемлекеттік сатып алу сайттарына өтінім орналастыру. Уақтылы есептілікті қамтамасыз ету; Департаменттің құзыретіне қатысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар талаптарының тиісінше орындалуын бақылау; шарттық міндеттемелер бұзылған жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімдері бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізу, талап қою жұмысын жүргізу жөнінде тиісті шаралар қабылдау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.09.2025 – 12.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Mb

Сұхбаттасу күні

17.09.2025

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Семей қаласы, Шымкент көшесі, 2. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

Абай облысы бойынша ЭТД Әкімшілік басқармасының бас маманы

Баекенова Салтанат Бейбітқызы

40018

8-747-789-9209