ҚР ҚМА Кинологиялық орталығы кадр жұмысы бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Шығыстану
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Әлеуметтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Қосымша талаптар

Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы үшін персоналды басқару жөніндегі сертификаттың (HR саласындағы сертификаттың) немесе персоналды басқару саласындағы білімі туралы құжаттың болуы талап етіледі.

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметін жалпы басқару және үйлестіру, Бөлім жұмысының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын, есептерді жасау, лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, жұмыстан босату, көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану мәселелері бойынша ұйымдастыру және бақылау, штатты жасақтау бойынша жұмыстарды бақылау және жүргізу, КО ұйымдық құрылымын және оның штаттық санын оңтайландыру және өзгерту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру және ұсыныстар енгізу, КО лауазымды тұлғаларын аттестаттауды дайындау және өткізу бойынша жұмыстардың жүзеге асырылуын бақылау.; КО кадрларын іріктеу және орналастыру бойынша ұсыныстар енгізу, оның сапалық құрамына жүйелі талдау жүргізу, Кинологиялық орталықтың ұйымдық құрылымын және оның штаттық санын оңтайландыру және өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу. КО-ның лауазымды тұлғаларын аттестаттауды дайындау және өткізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; КО-ның лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуына олардың құқықтық жағдайы мәселелері бойынша консультациялар өткізу. Осы мәселелер бойынша тиісті бұйрықтар мен басқа да құжаттарды дайындайды, құрылымдық бөлімшелер басшыларының лауазымға тағайындау және босату, ротация, тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу туралы ұсыныстарын жинақтайды. Осы мәселелер бойынша тиісті бұйрықтар мен өзге де құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді; басшылыққа жалпы бөлім қызметін талдауды ұсына отырып, жедел кеңестерге қатысады; қызметтік, жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы шеңберінде жеке құрамды оқытуды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді; басшы лауазымдарға ұсыну және бос лауазымдарға орналастыру үшін кадр резервін қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады. Еңбек және қызметтік тәртіпті нығайту, кадр-тәрбие жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді. Тәртіптік комиссияның жұмысына қажетті көмек көрсетеді; еңбек сіңірген жылдарының өтілін анықтау және материалдық көмек бөлу бойынша комиссияның жұмысын үйлестіреді және қажетті көмек көрсетеді; (бөлім құзыреті шегінде) азаматтардың, КО лауазымды тұлғаларының өтініштері мен шағымдарын уақытылы қарауды қамтамасыз етеді, бөлімде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың туындау жағдайларын, этикалық және Еңбек кодексінің нормаларын бұзуды болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізеді. Өзінің құзыретіне кіретін лауазымды тұлғалардың е-Қаржымин, Е-қызмет, БҚА-ға дербес деректерді енгізу, бөлімде құжат айналымын енгізу бойынша жұмысты жүргізеді, КО және Агенттік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарға құқықтық сараптама жүргізуге, шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалуына бақылау жасайды, бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады, КО және Агенттік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды. ҚР ҚМА КО штаттық кестесіне сәйкес бұл лауазым "В" функционалдық блогына жатады, грейд 5. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.07.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.07.2025 – 24.07.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Красногорская көшесі, 53,

Анықтама алу үшін байланыс

8(727) 290-34-53