ҚР ҚМА Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп тексеру Департаментінің Әкімшілік басқармасының бас маманы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

180 517

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Департаменттің қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларын жұмысқа қабылдау, орын ауыстыру, жұмыстан босату бойынша жұмыс жүргізу, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты басшылықтың шешімдерін рәсімдеу (әкімшілік және құқық қорғау бөлімдері бойынша). Департамент қызметкерлерінің Агенттіктегі тәжірибеден өтуін бақылауды ұйымдастыру, тәжірибеден өту нәтижелері негізінде резервті қалыптастыру, Департамент қызметкерлеріне семинарлар мен курстар ұйымдастыру, кадрлық кеңсе жұмысын жүргізу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Аналитикалық ақпарат пен есептерді құрастыру. Департамент қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының жеке істерін жүргізу мен еңбек кітапшаларын толтыру, уақытша жұмысқа жарамсыздық парақтары бойынша, жұмыс өтілін есептеу хаттамаларын жүргізу. Еңбек шарттарын жасау. Өзінің қызметтік міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, соның ішінде Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыруы және оқуы, мемлекеттік қызметшілердің аттестациядан өтуі, кадрлық резерв, конкурстық таңдау жүргізу бойынша мәселелерін орындауы.

Департаменттің кадрлар жағдайы туралы және конкурс нәтижелері туралы  мониторнинг жасау, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментіне, басқа мемлекеттік органдарына кадрлық жұмыстар бойынша есептер  дайындау,   еңбек және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы заңнамаларды қолдану жөнінде мемлекеттік қызметкерлерге кеңес беру. Әскери міндеттілердің есебін жүргізу. Марапаттауға ұсыныстар бойынша құжаттарды дайындау. Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен жұмысты ұйымдастыру. Кіріс және шығыс құжаттарын уақытылы қарастыру. Басқарма құзыры шегінде азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарастыру. Лауазымдық нұсқаулығына сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.06.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.06.2025 – 12.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

16.06.2025

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы 127

Анықтама алу үшін байланыс

279-76-81