Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Әкімшілік басқармасының бас маманы. Индексі №03-2

Мемлекеттік орган

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Департаменттің қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларын жұмысқа қабылдау, орын ауыстыру, жұмыстан босату бойынша жұмыс жүргізу, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты басшылықтың шешімдерін рәсімдеу (әкімшілік және құқық қорғау бөлімдері бойынша). Департамент қызметкерлерінің Агенттіктегі тәжірибеден өтуін бақылауды ұйымдастыру, тәжірибеден өту нәтижелері негізінде резервті қалыптастыру, Департамент қызметкерлеріне семинарлар мен курстар ұйымдастыру, кадрлық кеңсе жұмысын жүргізу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Аналитикалық ақпарат пен есептерді құрастыру. Департамент қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының жеке істерін жүргізу мен еңбек кітапшаларын толтыру, уақытша жұмысқа жарамсыздық парақтары бойынша, жұмыс өтілін есептеу хаттамаларын жүргізу. Еңбек шарттарын жасау. Өзінің қызметтік міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, соның ішінде Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыруы және оқуы, мемлекеттік қызметшілердің аттестациядан өтуі, кадрлық резерв, конкурстық таңдау жүргізу бойынша мәселелерін орындауы. Департаменттің кадрлар жағдайы туралы және конкурс нәтижелері туралы  мониторнинг жасау, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментіне, басқа мемлекеттік органдарына кадрлық жұмыстар бойынша есептер  дайындау,   еңбек және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы заңнамаларды қолдану жөнінде мемлекеттік қызметкерлерге кеңес беру. Әскери міндеттілердің есебін жүргізу. Марапаттауға ұсыныстар бойынша құжаттарды дайындау. Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментімен жұмысты ұйымдастыру. Кіріс және шығыс құжаттарын уақытылы қарастыру. Басқарма құзыры шегінде азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарастыру. Лауазымдық нұсқаулығына сәйкес басқа да міндеттерді орындау. "В" - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.06.2025 – 04.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қ., Желтоқсан көшесі 112, 4 қабат

Анықтама алу үшін байланыс

8 775 005 7677