Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Талдау-әзірлемелер басқармасының бас маманы 1 бірлік, УАР-1

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының заңнамасы мен конституциясын ұстануға, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің басым бағыттары бойынша стратегиялық талдау жүргізуге, «Стоп-обнал», «СЗПТ», «Қазына», «Тариф», «Қамқор» шеңберінде схемаларды, сонымен қатар делдалдық схемаларды әзірлеуге және қалыптастыруға, берілген талдамалық зерттеулер бойынша бақылауды жүзеге асыруға және криминогенді схемалар бойынша Агенттікке тиісті хабарламалар жіберуге; Талдау әзірлемелер басқармасының  қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; талдау жүргізудің жаңа нысандары мен әдістерін ұсынуға және жетілдіруге, оларды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге; Ақпараттық технологиялар талаптарын сақтауға міндетті.Талдау әзірлемелер басқармасында қызметті жүзеге асыру барысында алынған мәліметтердің қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз ету; тек қана қызметтік мақсаттарда, қолда бар талдамалық құралдарды (дерекқорлар мен ақпараттық жүйелер) пайдалану; Агенттіктен және басқа да мемлекеттік, құқық қорғау органдарынан  Талдау әзірлемелер басқармасының құзіретіне жататын  мәселелер бойынша келіп түсетін сұраулардың жауаптарын даярлау; Анықтамалық және Департамент басшылығының  баяндамалары мен сөйлеу сөздеріне талдау әзірлемелер басқармасының қызметі бойынша өзге де материалдар жасауға, Агенттікке талдау әзірлемелер басқармасының атқарған жұмысы туралы есептер жіберуге, жедел кеңестердің жоспарларына , аппараттық және жедел кеңестердің хаттамаларына және басқа да құжаттарға ұсыныстар енгізуге; Талдау әзірлемелер басқармасының басшысымен оған жазылған өзге де өкілеттіліктерді , оның ішінде талдау әзірлемелер басқармасының таратылған функционалдық міндеттері, қызмет және еңбек тәртібін сақтауға; Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді өзіне қабылдауға ; қызметтік әдеп нормаларын сақтауға; басшылықтардың бұйрықтары мен өкімдерін  жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттілік шеңберінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды  сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызмет тоқтатылғаннан кейін мемлекеттік меншіктін сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға; талдау әзірлемелер басқармасының басшысына немесе құқық қорғау органына өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы дереу хабарлауға міндетті, функционалдық блок А.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.03.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.03.2025 – 21.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Ақтөбе қаласы, Алтын Орда 8а

Анықтама алу үшін байланыс

8-705-538-86-87

Махаббат