Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Әкімшілік басқармасының бас маманы (кадр қызметкері)

Мемлекеттік орган

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

240000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық және экономика негіздері
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Функционалды міндеттер

Департаменттің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін қабылдау, ауыстыру, босату, жұмыстан шығару бойынша жұмыстарды жүргізу. Департамент  қызметкерлерінің жеке құрамы (жұмыстан босату, қабылдау, міндеттерді жүктеу, ауыстыру (қызмет бабында жоғарылату), іссапарға жіберу, демалыс, іссапар) бойынша бұйрықтар дайындайды; мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты басшылықтың шешімдерін ресімдейді. Агенттікте Департамент қызметкерлерінің тағылымдамадан өтуіне бақылауды ұйымдастыру, тағылымдама нәтижелері бойынша резервті қалыптастыру, Департамент қызметкерлері үшін курстар мен семинарлар ұйымдастыру; іс қағаздарын жүргізу және бекітілген міндеттер шеңбері бойынша құжаттардың, қатаң есептілік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз ету. Есептер мен аналитикалық ақпаратты құрастыру. Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары, жұмыс өтілін есептеу бойынша хаттамалар жүргізу. Департамент қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарға материалдар дайындау. Қызметкерлер мен мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді конкурстық іріктеуді жүзеге асырады. Департамент қызметкерлерінің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді; Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің ант қабылдауын ұйымдастырады және жүзеге асырады; кадрлық есепке алуды, оның ішінде 1С кадрлар бағдарламасында жүзеге асырады; Департамент қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға уақтылы өзгерістер енгізеді; Департамент қызметкерлерінің еңбек кітапшаларының сақталуын, есепке алынуын және берілуін қамтамасыз етеді. Департаменттің қызметкерлері мен мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауға дайындық жұмыстарын жүзеге асырады, оны өткізу қорытындысы бойынша тиісті бұйрықтар, есептер мен ақпараттар дайындайды; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын, құрылымы өзгерген немесе лауазымдық міндеттері өзгерген жағдайда бекіту туралы бұйрықтар дайындайды. Қызметкерлерге көтермелеу, арнаулы атақ беру жөніндегі құжаттарды және басқа да құжаттарды дайындайды. Еңбек шарттарын жасасу. Департаменттің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық, лауазымдық құқық бұзушылықтарды және заңсыз әрекеттерді анықтау, алдын алу және жолын кесу. Ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын іске асыру және мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулер мәселелері бойынша Департамент қызметінің мониторингі, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. Кіріс және шығыс хат-хабарларды уақтылы қарау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.02.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.02.2025 – 21.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

25.02.2025

Сұхбаттасу орны

г. Астана, ул. Желтоксан 43

Анықтама алу үшін байланыс

87172708479 (вн. 21358)