ҚР Қаржылық мониторинг Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп тексеру Департаменті Ұйымдастыру бақылау басқармасының бас маманы
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті
Алматы қаласы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Жоғары тұрған орган мен Департаменттің қарауға келіп түскен тапсырмалары мен нұсқауларын белгіленген тәртіпте және мерзімде орындауды қамтамасыз ету; Азаматтардың мемлекеттік органдардың және өзге заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің Агенттікке және де басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ақпаратты уақтылы ұсынуына жалпы бақылауды жүзеге асыруға қатысу; Басқармада іс жүргізуді жүзеге асыру, құжаттарды кейіннен сақтауға және пайдалануға дайындау (тізімдеме жасау, істерді ресімдеу), іс жүргізумен аяқталған істерді Департаменттің мұрағатына уақтылы беру, бекітілген жұмыс учаскесі бойынша іске құжаттарды қалыптастыру; 1-ОЛ ай сайынғы есепті дайындау; Департаменттің лауазымды тұлғалармен атқарушылық тәртіпті арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтік міндеттерін атқару кезінде алынған мәліметтерді жария етпеу және таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қорғау бойынша барлық талаптарды орындау; Қатаң есептілік бланкілерінің есебіне, сақталуына және берілуіне бақылау жасау. Департамент бойынша бұйрықтарды, шешімдерді және де басқа құжаттарды дайындау; Кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдау және тіркеу; Құжаттардың уақытында орындалуын бақылау; Кіріс және шығыс құжаттарын уақытылы қарау; Лауазымдық нұсқаулығына сәйкес басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kishkenbaeva@mail.ru
- 25.12.2024
- г.Алматы ул.Жибек жолы 127
-
279 76 81