Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қаржылық монитиоринг департаментінің Asset Recovery басқармасының бас консультанты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 (күші жойылды) (27.12.2024) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

350611

Жалпы біліктілік талаптары

В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қаржы
  • Қаржы және кредит
  • Экономика және менеджмент
  • Автоматтандырылған басқару жүйелері
  • Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі

Қосымша талаптар

белгілі бір деңгейден төмен емес ағылшын тілін білгені жөн (А2, В1, В2, IELTS немесе TOEFL сертфикаттарының болуы).

Функционалды міндеттер

Басқарма, департамент және Агенттік
басшылығының тапсырмаларын орындау; хат
алмасуды жүргізу; мемлекеттік органдардың
жария лауазымды тұлғаларының сыбайлас
жемқорлық қылмыстарды, өзге де құқық
бұзушылықтарды анықтау мақсатында
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді
заңдастыру (жылыстату), сондай-ақ сыбайлас
жемқорлық қылмыстардан алынған кірістерді
заңдастыру (жылыстату) бойынша ақпаратқа
мониторинг және талдау жүргізеді;
тиісті құқық қорғау және арнайы мемлекеттік
органдарға жіберу үшін қаржылық
операцияларға іріктелген қатысушылар, күдік
белгілері және тексерулер мен қаржылық
тексерулер жүргізу барысында анықталуға
жататын мәселелер туралы мәліметтерді
қамтитын талдамалық материалдарды
дайындайды; Қазақстан Республикасының
Президенті бекітетін жария лауазымды
адамдардың тізбесіне кіретін мемлекеттік
органдардың жария лауазымды адамдары,
олардың жұбайлары, жақын туыстары және
олармен үлестес адамдар жүргізетін (жасайтын)
қылмыстық лауазымды адам алған кірістерді
заңдастырудың (жылыстатудың) алдындағы
Мемлекеттік органдардың жария лауазымды
адамдарының сыбайлас жемқорлыққа, өзге де
құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл
мақсатында қаржылық операцияларға талдау
жүргізеді сондай-ақ сыбайлас жемқорлық
қылмыстарынан алынған кірістерді заңдастыру
(жылыстату) жолымен;
қаржы мониторингінің күдікті субъектілері деп
танылған операциялар (сыбайлас жемқорлық
қылмыстар саласындағы тоқтатыла тұрған
операциялар) бойынша тактикалық талдауды
жүзеге асырады және күдікті операцияны
тоқтата тұру не тоқтата тұрудың қажеті жоқ
екендігі туралы шешім қабылдайды. Күдікті
операцияны жүргізуді тоқтата тұру туралы
шешім қабылданған жағдайда, шешім қабылдау
үшін Қазақстан Республикасының Құқық қорғау
және арнаулы мемлекеттік органдарына
олардың құзыретіне сәйкес ақпарат береді және
бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас
прокуратурасына хабарлайды; сыбайлас
жемқорлық қылмыстарға, мемлекеттік
органдардың жария лауазымды адамдарының
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді
заңдастырудың (жылыстатудың), сондай-ақ
сыбайлас жемқорлық қылмыстардан алынған
кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың)
алдындағы өзге де құқық бұзушылықтарына
байланысты әрекеттердің алдын алу, анықтау,
жолын кесу және тергеу саласында шет
мемлекеттердің құзыретті органдарымен
ынтымақтастық бөлігінде уәкілетті бөлімшемен
өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ өз құзыреті
шегінде Қазақстан Республикасының заңдарына
және Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарына сәйкес көрсетілген кірістерді
тәркілеу; өз құзыреті шегінде, оның ішінде қол
қойылған меморандумдар мен келісімдер
шеңберінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарға
қарсы іс-қимыл жасау және сыбайлас
жемқорлық қылмыстардан алынған кірістерді
заңдастыру (жылыстату) саласында Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік, құқық қорғау
және арнаулы мемлекеттік органдарымен өзара
іс-қимыл жасайды;
құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық
қылмыстарға қарсы іс-қимыл және сыбайлас
жемқорлық қылмыстардан алынған кірістерді
заңдастыру (жылыстату) саласындағы
типологияларды анықтайды; тактикалық
талдауды жүзеге асырады және жеке және заңды
тұлғалардың қызметі Қылмыстық жолмен
алынған кірістерді заңдастырумен
(жылыстатумен) байланысты деп пайымдауға
негіздер болған кезде Қазақстан
Республикасының Құқық қорғау және арнаулы
мемлекеттік органдарына мәліметтер мен
ақпаратты беру туралы мәселені қарауға
енгізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.04.2024 – 23.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Бейбітшілік 10

Анықтама алу үшін байланыс

8-71-72-70-84-78 вн 21221