Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы Қызметтік иттерді арнайы даярлау бөлімінің бас маманы (кинолог)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 200000

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Шығыстану
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Биотехнология
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Функционалды міндеттер

Қызметтік иттерді тиісті және дұрыс ұстау; есірткі құралдарын, жарылғыш заттарды,қаруды, валюта мен дериваттарды іздеуге бекітілген қызметтік иттерді оларды кейіннен қызметте ауыстыра отырып үйрету; ҚКО және FCI талаптарына сәйкес үйретудің жалпы курсы және қорғаныс қызметі бойынша бекітілген қызметтік иттерді үйрету; бөлім желісі бойынша есептілік жүргізу және іс қағаздарын жүргізу; бекітілген қызметтік иттерді ҚКО және FCI талаптарына сәйкес теориялық және практикалық даярлау бойынша апта сайынғы жоспарларды жасау және КО басшылығына бекітуге; қызметтік иттердің асыл тұқымдық жұмысы және қажетті жұмыс сапасын дамыту бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеу және бекіту, бекітілген иттердің республикалық және халықаралық көрмелер мен жарыстарға қатысуы; бөлімнің жеке құрамымен кинология желісі бойынша теориялық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу; қызметтік иттердің іздеу қызметіне жарамдылығын анықтау бойынша тестілеуге қатысу; бекітілген жоспарға сәйкес үйретудің жалпы курсы және Қазақстан кинологтары Одағындағы қорғау қызметі бойынша нормативтерді тапсырады; иттерді іріктеуге қатысу, қызметтік иттердің есебін; иттерді дайындау әдістемесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізу; есептер дайындау және бөлімнің іс қағаздарын жүргізу (мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету; жобаларды басқару) КО және Агенттік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

ҚР ҚМА КО штаттық кестесіне сәйкес бұл лауазым "А" функционалдық блогына жатады, грейд 5.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.01.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.01.2024 – 16.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Красногорск көшесі, 53

Анықтама алу үшін байланыс

тел: 8(727) 290-34-53,