Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

465677

Жалпы біліктілік талаптары

В-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараты мен Үкімет Аппаратының лауазымдарын қоспағанда):

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілі егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда;

4) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Мемлекеттік аудит
  • Қаржы және кредит
  • Экономика және менеджмент

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау;
Мемлекет басшысының, Президент
Әкімшілігінің және басқа жоғары тұрған
ұйымдардың тапсырмаларының орындалу
мерзімдеріне және сапасына бақылауды
ұйымдастыру; хат алмасуды жүргізу; Мемлекет
басшысының, Президент Әкімшілігінің және
басқа жоғары тұрған ұйымдардың
тапсырмаларының орындалу мерзімдеріне және
сапасына бақылауды ұйымдастыру, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің, Агенттік
төрағасының тапсырмаларын өз уақытында
сұрақтары бойынша орындауды, Агенттіктің
жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру,
бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтиже
көрсеткіші, міндеттемелер және төлемдер
бойынша қаржыландыру жоспарын әзірлеу үшін
бақылауды қамтамасыз ету; Агенттіктің жұмыс
жоспарын қалыптастыру және бекіту,
белгіленген мерзімде оның іс-шараларының
орындалуын бақылауды бойынша жұмыстарды
ұйымдастыру; Агенттіктің, аумақтық
органдардың төлемдер мен міндеттемелер
бойынша бюджеттік бағдарламаларды
қаржыландыру жоспарларын орындауына
талдауды, мониторингті және бақылауды
қамтамасыз ету; есептердің уақытылы және
сапалы дайындалуына және олардың уәкілетті
органдарға ұсынылуына, бюджет қаражатының
нысаналы пайдаланылуына, бухгалтерлік есеп
пен есептіліктің жүргізілуіне, мүліктің,
тауарлық-материалдық құндылықтардың
сақталуына, мемлекеттік сатып алудың
жүргізілуіне және Агенттіктің материалдық-
техникалық қамтамасыз етуіне бақылауды
қамтамасыз ету; Агенттіктің орындау тәртібін
бақылау мен тексеру; Агенттік және оның
аумақтық бөлімшесінің ұйымдастыру,
каржылық-шаруашылық, құжатайналым,
Агенттіктің Интернет-ресурсы жұмыстарын
бақылау, ұйымдастыру және үйлестіру;
Агенттіктің басқа құрылымдық бөлімшілерімен
басқарманың жұмысын үйлестіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.10.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.10.2023 – 23.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Бейбітшілік 10

Анықтама алу үшін байланыс

8-71-72-70-84-78 вн 21221